ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХХХVІІ-СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХХХVІІ-СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Бүгін, 22 сәуір күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІІ сессиясы өтті.
Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде «Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселесі шығарылып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты қалалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. А.Қиясова хабарлама жасады.
Биылғы жылғы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 40 АЕК мөлшерінде төленетін бір реттік әлеуметтік төлемдерді 50 АЕК, яғни 196 600 теңгеге көтеріп, қаржы қарастыру жоспарланған. Осыған сәйкес, қала бойынша қосымша қаржы қаралып, сессия барысында тиісті қағидаға өзгеріс енгізілді.
Сессия жұмысы «Youtube» платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/981446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді