
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Қорқыт ата» АҚ әуежайының жаңа терминалының ғимаратында аса қауіпті инфекция (тырысқақ) белгілері бар науқас анықталған жағдайда оқу-жаттығу сабағы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тырысқаққа күдікті науқас анықталған сәтте мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау, олардың дайындық деңгейін бағалау және төтенше жағдайға жедел ден қою қабілетін жетілдіру болды.
Оқу-жаттығу барысында:
Науқасты анықтау және оқшаулау алгоритмі пысықталды;
Эпидемиологиялық тексеру және шұғыл хабарлау шаралары жүргізілді;
Қауіпсіздік аймағын шектеу, дезинфекция жүргізу, жолаушылар мен персоналды қорғау шаралары ұйымдастырылды;
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-қимылдары үйлесімді және шұғыл жағдайға әзір деп танылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/980876?lang=kk
Жауап қалдыру