Қостанай қаласында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Сапар барысында жұмыс қарқынына, мерзімдердің сақталуына және жөндеу сапасына ерекше назар аударылды.

2025 жылы Қостанайда жалпы ұзындығы 45 шақырымды құрайтын 91 көше жөнделеді. Оның ішінде үш көше толық реконструкциядан өтеді. Жөндеу жұмыстары қолайлы ауа райымен бірге басталып кетті.

Негізгі нысандардың қатарында Сьянова, Қайырбеков, Назарбаев, Баймағамбетов, Гоголь, Мәуленов, Герасимов, Маяковский, Әл-Фараби, Перронная көшелері және басқалары бар. Сонымен қатар, аулаларды абаттандыру бағдарламасы аясында 49 аула жөнделетін болады.

Биыл жолдарды жөндеуге 9 миллиард теңге бөлінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылып отыр. Облыс әкімінің тапсырмасы – барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтап, сапалы жол жабындысын қамтамасыз ету. Қала көшелерінде шұңқырлар болмауы тиіс, ал жұмыстар тұрғындардың күткен талабына сай жүргізілуі қажет.

Жөндеу жұмыстарының орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/980614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді