САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАРДА 900 ОРЫНДЫҚ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округіне арнайы барып, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысып, пысықтады. Жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет ескертті. Құрылыс жұмыстарының барысында туындаған мәселердің шешу жолдары бойынша жүйелі жұмыс атқаруды мердігерге, ауданның құрылыс және сәулет, қала құрылыс бөлімінің басшысы Ерғали Қосмұратовқа, ауыл әкімі Әбжаппар Рахымбердиевке тапсырды.
 
Бүгінде, мектеп ғимаратына инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Интернет желісінің және ауыз су құбырларын орнату үшін құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қосылу нүктесіне жалғанды. Табиғи газ құбырлары да тартылып, орталық газ жүйесіне қосылған. Оған қоса, білім ордасының аумағына жол төсеу және автотұрақ салу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/980613?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді