Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес және азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға, тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған мемлекеттік «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында жеке тұрғын үйлер салу жобасының іске асырылуы басталғанын хабарлаймыз.
Құрылыс оффтейк-келісімшарт механизмі бойынша жүзеге асырылады. Бұл механизм дайын нысандарды мемлекет немесе уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан бекітілген параметрлер мен талаптарға сәйкес кепілдендірілген сатып алуды қарастырады.
Құрылыстың тапсырыс берушісі — Самар ауданы әкімдігі, уәкілетті органдармен және конкурстық негізде анықталған мердігер ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты — халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ өңірдегі құрылыс саласын ынталандыру.
Барлық мүдделі тараптар — мердігер ұйымдар, құрылыс материалдарын жеткізушілер, сондай-ақ бағдарламаға қатысуға ниетті азаматтар қосымша ақпарат алу үшін Самар ауданы әкімдігіне немесе төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша хабарласа алады.
Байланыс ақпараты:
Самар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Электрондық пошта: otdelzhkhrayonasamar@mail.ru
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі 58
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/980752?lang=kk
Жауап қалдыру