
«Таза Қазақстан» аясында Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар ауылдық округінің жастары ауыл аумағында , оған қоса орталық мешіт аумағыда сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Қызылжар ауылында орналасқан Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің 2005 жылғы түлектері орталық мешіттің қоршауларын сырлап,абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Шөптер орылып, бей-берекет тасталған қоқыстардан тазартылды.
Ауыл жастары алдағы уақытта тұрғындардың бірлігі мен ынтымағы, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсаттарында ауқымды шараларды ұйымдастыруды қолға алған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/981443?lang=kk
Жауап қалдыру