“Таза Қазақстан”: Қазақстанда экологиялық іс-шаралар марафоны басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таза Қазақстан жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында бүкіл ел бойынша ауқымды іс-шаралар өтеді. Тақырыптық апта Астанада еріктілердің, белсенділердің, Стартаперлердің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен Таза Қазақстан бастамасын іске асырудың бірінші жылының қорытындыларына арналған республикалық экофестивальден басталады, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Іс-шара аясында Үздік экологиялық білім беру мекемесі республикалық конкурстарының жеңімпаздары, суға ұқыпты қарау тақырыбында балалар суреттерінің конкурсы, Жасыл Университет (экология және орнықты даму саласындағы ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламалары үшін), Үздік экологиялық стартап жобамарапатталады. Эстафетаны еліміздің өңірлері де қабылдайды. Апта ішінде Таза Қазақстан қамқорлығымен қалалар мен ауылдарда 200-ге жуық түрлі экологиялық іс-шаралар өтеді. Соның ішінде Таза аймақ, таза су айдындары, Таза бейсенбісі, Киелі мекен, Жасыл аймақ, Мөлдір бұлақ және т. б. аумақтарды жинау бойынша акциялар. Апта жалпы республикалық сенбілікпен аяқталады. Елді мекендерді көгалдандыру бойынша ауқымды акция аясында 20 000 көшет отырғызу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Таза Қазақстан экологиялық бастамасына қатысушылардың саны 6 миллионнан асты, бұл әрбір үшінші қазақстандық. Жалпы күш-жігермен 1,8 млн га аумақ тазартылды, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды, 1,6 млн астам жасыл желек отырғызылды, 5 мыңнан астам тарихимәдени мұра объектілері тиісті жағдайға келтірілді. Таза Қазақстан бастамасы аясындағы экологиялық іс-шаралар тұрақты негізде жалғасып, қатысушылардың саны артып келеді. Оның басты мақсаты тұрақты экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ табиғи ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/980719?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді