
Ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні Көптоғай ауылында “Ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы, облыстық мәслихат қағидаларының және аудандық мәслихат шешімдерінің округте орындалуы туралы” тұрақты комиссиялардың бірлескен түрдегі көшпелі отырысы өтті.
Отырыста ауылдық округ әкімі Ерлан Асылбаевтың хабарламасы тыңдалып, талқыланды.
Көшпелі отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, әлеуметтік-экономикалық
даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және
аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Еркін Жиеналин және білім, мәдениет, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Сәндібек Нұрбаев, аудандық мәслихат депутаттары Жангүл Изгарина мен Тілекбай Амиров, сонымен қатар аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Арыстанов қатысты.
Тұрғындардың көтерген мәселелері елді мекендер арасындағы жол, Амангелді ауылына балабақша салу мәселелері болды. Барлық түскен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, шешу жолдары атқарушы органмен бірлескен түрде қаралатындығы жеткізілді.
Көшпелі отырыстан соң, депутаттар ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, заңдылығы аясында түсінік беріп өтті.
Сонымен қатар ауыл үлкендері Ермек Ниязов пен Гүлжамал Нұғымановаларға және Бақыт Магзимова апайға амандаса барып, қал-жағдайларын сұрасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/980558?lang=kk
Жауап қалдыру