«Заң мен Тәртіп»: адалдық құндылықтарын ілгерілету бойынша ақпараттық кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Қостанай облысы бойынша «Мемсараптама» РМК ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар заң мен тәртіпті сақтау – әділетті қоғам қалыптастырудың негізі екендігін талқылады.

  Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

  Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісіп, интерактивті пікірталасқа қатысты.

  Кездесулерде «Заң мен Тәртіп» идеологиясының негізгі бағыттары, қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер және оларды іске асыруға азаматтардың қатысуы кеңінен талқыланды.

  Іс-шара Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын түсіндірумен аяқталды.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kostanay/press/news/details/980559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді