21-27 сәуір күндері өтетін жарыстар кестесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅22-25 сәуір: Белбеу күресінен (Алыш) халықаралық турнир
Жарысқа Қазақстан құрамасынан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ашхабад қаласы, Түрікменстан.

✅23-24 сәуір: Таеквондодан WT President’s Cup – Asia G3 халықаралық турнирі
Қазақстан құрамасынан 15 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Тайань қаласы, Қытай.

✅23-27 сәуір: Маунтинбайктан Азия чемпионаты
Чемпионатқа отандық 5 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Цзуньи қаласы, Қытай.

✅25-28 сәуір: Дзюдодан Азия чемпионаты
Ел намысын 20 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд.

✅24-27 сәуір: Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі
Әлемдік додада 9 спортшымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Сучжоу қаласы, Қытай.

✅24-27 сәуір: Жекпе-жектен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты
Еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан спортшылар қатысады.
Өтетін орны: Тобыл қаласы, Қостанай облысы.

✅24-28 сәуір: Әйелдер күресінен (юниорлар мен жасөспірімдер) халықаралық турнир
Қазақстан намысын 7 спортшы қыз қорғайды.
Өтетін орны: Ла-Нусия қаласы, Испания.

✅25-26 сәуір: Ашық суда жүзуден Әлем кубогінің екінші кезеңі
Бұл кезеңде Қазақстан құрамасынан 4 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Ибица қаласы, Испания.

✅25-27 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі
Ел құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

✅25-28 сәуір: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі
Бұл сында 4 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.

✅26-27 сәуір: Киокушинкай-кан каратэден All Japan International Tournament турнирі
Қазақстан құрамасының 30 спортшысы қатысады.
Өтетін орны: Токио қаласы, Жапония.

✅26-27 сәуір: Джиу-джитсудан Grand Prix Paris Open 2025 турнирі
Жарысқа отандық 50 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Париж қаласы, Франция.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/980407?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді