Әрбір адамның азаптаудан, қатігез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жазадан қорғалуға құқығы бар. Бұл құқық ешбір жағдайда шектелмейді – соғыс жағдайында да, төтенше жағдайда да, мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қатысты жағдайда да.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында былай делінген: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Қазақстан БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясына қосылып, мұндай әрекеттердің алдын алу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жөнінде міндеттемелер алған.
Мемлекеттік органдардың, әсіресе құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің азаптауға және өзге де қатыгез қарым-қатынасқа тыйымды қатаң сақтауы – міндет. Бұл нормаларды бұзу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Егер сіз азаптау немесе қатыгез қарым-қатынас фактілеріне тап болсаңыз, қорғануға, медициналық және құқықтық көмек алуға, сондай-ақ уәкілетті органдарға жүгінуге құқығыңыз бар.
Азаптау – бұл қылмыс. Оған ешқандай ақтау жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/979455?lang=kk
Жауап қалдыру