
2025 жылғы 18 сәуір күні Ботақара кентінің Мәдениет үйінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелеріне арналған облыстық “Агрокеңес 2025” өтті.
Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров, Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев, облыстық мәслихат төрағасы Н.Кобжанов, аудан мен ауыл әкімдері және ауылшаруашылық саласының мамандары қатысты. Кеңес барысында мамандар шаруаларға мемлекеттік қолдау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, мал шаруашылығын дамыту, өнімді қайта өңдеу, техникалық жарақтандыру, сондай-ақ субсидиялау, жеңілдетілген кредиттер беру және дизель отынын белгіленген бағамен бөлу сияқты мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар ауылшаруашылығы техникасы мен өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қатысушылар өз сұрақтарына нақты жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau-botakara/press/news/details/979321?lang=kk
Жауап қалдыру