
Шымкентте жас құтқарушылар арасында қалалық жарыс өтті. Белсенді, батыл және ынталы ұлдар мен қыздардан құралған 25 мектептің командалары қатысты.
Балаларға бұл жарыста қайықпен есу, сурет салу, ән айту, жауынгерлік киім кию, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю секілді сынақтардан өту керек еді.
Ең бастысы–оқушылар жарысып қана қоймай, өмірлік маңызды дағдыларға ие болды. Олар суға батып бара жатқан адамды құтқаруды, зардап шеккен адамға көмек көрсетуді, өрт кезінде әрекет етуді, тіпті өртті өз бетінше сөндіруді үйренді.
Мұндай іс-шаралар болашақ мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Жас қатысушылар–бұл болашақта біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шұғыл қызмет қызметкерлерінің із басарлары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/979322?lang=kk
Жауап қалдыру