
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай “Ескерткіштер – ел тарихы” атты танымдық кездесу өткізілді.
Шара барысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен боздақтарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, олардың ерлігіне тағзым етілді. Жиынға мектеп оқушылары, ауыл жастары мен округ тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында тарихшы Б. Жайлаубай “Ескерткіш – ұрпаққа аманат” тақырыбында баяндама жасап, еліміздегі тарихи ескерткіштердің маңызы, олардың мәдени және рухани мұра ретіндегі рөлі туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, ол өңіріміздегі киелі нысандар мен олардың тарихы жайлы тың деректермен бөлісті.
Іс-шара жастардың бойында отансүйгіштік пен тарихи сананы қалыптастыруға, ескерткіштерді көздің қарашығындай сақтауға бағытталған маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/979429?lang=kk
Жауап қалдыру