Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай аудан аумағында бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мәдени мұраны сақтау мен насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараларға мектеп оқушылары, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері, өлкетанушылар мен қоғам белсенділері белсене қатысты.

Іс-шаралар барысында:
-Тарихи ескерткіштер мен мемориалдық кешендерге экскурсиялар ұйымдастырылып, олардың тарихы мен маңызы туралы ақпараттар берілді.
-«Біздің тарихымыз – ескерткіштерде» тақырыбында танымдық сағаттар өткізіліп, оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығы арттырылды.
-Ескерткіштер маңында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғау мен тарихи орындарды сақтау мәселелеріне назар аударылды.
-Өлкетанушылар мен тарихшылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып, жастарға тарихи мұраның маңыздылығы түсіндірілді.

Аталған іс-шаралар жастардың тарихи сана-сезімін қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және мәдени мұраны сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/979396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді