Қазақстан және Молдова құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кишинёв, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Ішкі істер министрі Даниелла Мисаил-Никитинмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар құқық қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Екі елдің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, қылмысқа қарсы күрес және көші-қон салаларындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша күш-жігерді жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Молдова азаматтарының бір-бірінің аумағына кіруі барысында олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша пікір алмасылды. Олардың тұру жағдайларын жақсарту бойынша диалогты жалғастыруға дайындық білдірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға ортақ ұмтылыс расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/979393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді