
Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрдаулет Жасұзақ халықаралық білім кеңістігінде зор жетістікке жетіп, АҚШ, Гонконг және Біріккен Араб Әмірліктерінің беделді жоғары оқу орындарынан білім алуға 20-дан астам шақырту алды. Бұл оқу орындары халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға ие, сапалы білім беру бағдарламаларымен және түрлі мәдени орта ұсынуымен танымал.
АҚШ университеттері қатарында Duquesne University ($25,000), Loyola University ($27,000), Wabash College ($43,000), DePauw University ($28,000), Rhodes College ($32,000) және тағы басқа оқу орындары бар. Гонконгтан – City University of Hong Kong (QS World #70, 100% грант) және Hong Kong Polytechnic University (QS World Top 80, 100% грант) секілді алдыңғы қатарлы университеттерден шақырту алды. Сонымен қатар, БАӘ-дегі Middlesex University Dubai және Murdoch University Dubai университеттерінен $10,000 көлеміндегі 25% гранттық ұсыныстар түсті.
Жалпы ұсынылған стипендия көлемі $275,000-нан асады. Бұл – Нұрдаулет Жасұзақтың тынымсыз еңбегінің, табандылығы мен білімге деген ұмтылысының жемісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/980412?lang=kk
Жауап қалдыру