
Шығыс Қазақстанда ол қарашадан сәуірге дейін созылады. Облыс аумағында барлығы 497 қар көшкіні шоғыры тіркелген, 93 км автожолдар қар көшкіні қаупі төнген аймақта орналасқан.
Талдау жүргізе отырып, ҚР ТЖМ Қазселденқорғау мамандары ағымдағы жылы қардың жиналуы 170 см-ді құрады, бұл нормадан 30% – ға жоғары. Қаңтар – наурыз айларында қар көшкіні бойынша қар жамылғысының биіктігі орта есеппен 100-110 см құрады, көпжылдық бақылаулардың орташа мәнінен 15% – ға артық. Қаңтар айында қар көп болды. Қысқы кезеңде 28 өздігінен қар көшкінінің түсуі тіркелді, зардап шеккендер мен қирпулар болған жоқ.
“Жағдайды мониторингілеу 20 қар көшкіні қаупі бар маршруттарда орнатылған 160 қар өлшегіш рельстердің көмегімен жүргізілді. Қауіпті табиғи құбылыстар мен ТЖ туралы мәліметтер жинауды, өңдеуді және талдауды бес диспетчерлік пункт тәулік бойы жүргізді. Қысқы кезеңнің басынан бастап қар көшкінінің жалпы көлемі 58 085 мың м3 болатын қар көшкінінің 64 алдын ала түсіру жүргізілді”, – деп атап өтті “Қазселденқорғау” ШҚ филиалы басшысының міндетін атқарушы Телғат Нұрахмет.
Демалыс аймақтарында, шаңғы базаларында және автожолдардың бойында қар көшкіні қаупі бар кезеңге ескерту қалқандары мен плакаттар уақтылы орнатылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/980002?lang=kk
Жауап қалдыру