🏛️Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс XXXI сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы ашып, жүргізді.
Сессия жұмысына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, аудан әкімдігінің аппарат басшысы, бөлім басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды⤵️⤵️⤵️
✔️Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №25/1 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
(Хабарламашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева)
✔️Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №8/3 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
(Хабарламашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Талдыбаев)
✔️Аудан әкімдігінің құрамын қайта бекіту туралы.
(Хабарламашы: аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Кадиев)
✔️№18 сайлау округінің депутаты Әлия Мейірбекқызы Абдихадированың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
(Хабарламашы: аудандық мәслихат төрағасы Б.Джумабеков)
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/985524?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді