АУДАН ӘКІМІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы, халықпен кездесулер мен жеке қабылдаулар барысында көтерілген мәселелердің жүзеге асырылуы, сондай-ақ алдағы 1-7-9 мамыр мерекелеріне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды.
Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Ербол Насыр, Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Жандос Ален және Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова өз бағыттары бойынша баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Баяндамаларды тыңдаған аудан әкімі барлық жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Әкім өз сөзінде:
«Әрбір хаттамалық тапсырманың, әрбір тұрғынның көтерген мәселесінің дер кезінде шешілуі — біздің басты міндетіміз. Қазіргі уақытта халықтың сенімі мен мемлекеттік органдардың беделі тапсырмалардың сапалы орындалуымен өлшенеді. Сондықтан әр тапсырмаға салғырт қарамай, белгіленген мерзімде тиянақты орындауды тапсырамын. Кемшілік анықталған жағдайда жауапты басшыларға қатаң шара қолданылады», — деді.
Мақсат Таңғатаров сондай-ақ мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін ескертті. «Мемлекеттік және ұлттық мерекелердің маңызын ескеріп, іс-шараларды халықтың көңілінен шығатындай сапалы өткізу керек. Барлық жауапты бөлімдер мен мекемелер осы бағытта бірлесе жұмыс істесін», — деп нақты тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысында аудан басшысы бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне жұмыстарды жүйелі үйлестіруді, басталған істердің аяқсыз қалмауын және әрбір мәселе бойынша нәтижеге қол жеткізуді міндеттеді. Әр сала бойынша жүргізілген жұмыс пен тапсырмалардың орындалу барысы аудан әкімінің жеке бақылауында болатыны ескертілді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/985586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді