
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Сауран-Су» МКК қызметкерлерімен кеңес өткізді. Онда ауыз сумен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету, сондай-ақ мекеменің қаржылық жағдайын тұрақтандыру мәселелерін талқылады. Кездесуге мекеме басшысының міндетін уақытша атқарушы, бөлім меңгерушілері мен шаруашылық бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі төмендегідей нақты тапсырмалар берді. Есеп-ақпараттық жүйені жетілдіру, тұтыну көлемі мен шығынды дәл есептеу үшін су өлшегіш құралдарды орнату жүйесін енгізуді тапсырды. Қаржылық тұрақтылық – кіріс пен шығысты апта сайын сараптап, артық шығынды қысқарту шараларын іске асыру керектігін айтты. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су тарифтері мен төлем тәртібін насихаттау арқылы қарыздарды азайту мәселесін көтерді.
«Әрбір атқарылған есеп — тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының кепілі. Сондықтан шығындардың әр теңгесін қадағалап, сапаны және үнемділікті қатар қамтамасыз етуіміз керек», — деді Мақсат Таңғатаров.
Аудан әкімдігінің және мекеменің барлық бөлімдері белгіленген жоспарды пысықтап, және әр апта қорытындысын әкімдікке ұсынатын болды. Жиын «Сауран-Су» МКК жұмысының сапасын және аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар мен бақылау тетіктерін жетілдірумен аяқталды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/985590?lang=kk

Жауап қалдыру