2025 жылдың 30-сәуір және 2-мамыр аралығында Қарағанды қ. «Сарыарқа Батырлары» атты халықаралық Азия кубогі өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 30-сәуір және 2-мамыр аралығында Қарағанды қаласында жастар спорт кешеніңде «Сарыарқа Батырлары» атты халықаралық Азия кубогі өз мәресіне жетіп, облысымыздың апайтөс балуандары жеңісті қолдан бермеді!
Тұрсынбек Есхат 74 келіде алтынды қанжығаласа
Түқышев Дидар 66 келіде  қола жүлдеге табан тіреді
Есхат осы додада шоқ жұлдыздай жарқ етіп жанып,өзінің қайсарлығы мен төзімділігі мен көзге түсті.Өзбек балуанымен өткен белдесуінде жартылай жеңіспен ұтылып жатқан жерінен, боз кілемнің иесі кім екенің көрсетіп екі жартылай жеңіспен қарсыласынан тізгінді жұлып алды.
Ал финалдық бәсекеде, екі балуанныңда ұпай саны тең болып, белдесу кезінде спортшымыз қарсыласын серпе көтеріп боз кілемде алып соқты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/989048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді