Атбасарда жылу қазандығына жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атбасар қаласында соңғы жылдардағы ең маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – орталық қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қаланың жылумен қамту жүйесін кешенді жаңарту өткен жылы қолға алынған болатын. Бүгінде құрылыс қызу қарқын алып, жобаның негізгі кезеңіне көшті. Жобаның жалпы сметалық құны – 8,4 миллиард теңге.

Жоба аясында қуаттылығы 120 мегаватт болатын жаңа қазандық салу жоспарланған. Бұл қаладағы тозығы жеткен сегіз шағын қазандықтың қызметінен бас тартуға мүмкіндік береді. Жаңа жылу жүйесі 555 мың шаршы метрден астам аумақты қамтитын болады. Оның ішінде 438 мың шаршы метр – негізгі жылыту аймағы болса, 117 мың шаршы метр – резервтік қор ретінде қарастырылып отыр. Мұндай ауқымды жаңғырту жұмыстары қаланың жылумен қамтылу сенімділігі мен энергия тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Құрылыс жұмыстарын «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта ескі құрылымдар – газ жүретін құбырлар, күл ұстағыштар, кірпіш қабырғалар, іргетастар мен көтергіштер түгелдей алынып тасталды.

Сонымен қатар, жаңа технологиялық жабдықтар орнатылуда: №3 және №4 қазандықтарға арналған түтін соратын құрылғылар мен циклондар қойылды, шлак пен күлді утильдеу жүйесінің құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа химиялық су дайындау ғимараты бой көтеріп, қазандықтар мен сыртқы жылу желілеріне арналған іргетастар төселді.

Ақмола облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, реконструкция жұмыстары келесі жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба іске қосылған соң, 3,5 мыңнан астам тұрғын, 110 кәсіпкер мен ұйым, сондай-ақ 31 бюджеттік мекеме сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/989071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді