Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында 2012-2013 жылы туған балалар арасында қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды. Бұл жарыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналып, жас балуандардың рухын көтеріп, отансүйгіштікке баулу мақсатында өткізілді.

Турнирге өңірдің әр ауданынан жас спортшылар қатысып, өз күштері мен шеберліктерін сынады. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, үздік балуандар марапаттарға ие болды.

Мұндай шаралар өскелең ұрпақты ұлттық спортқа баулып қана қоймай, тарихты ұмытпай, ерлік пен батырлықты бағалауға үйретеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/989070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді