
30 сәуір күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңындағы абаттандыру жұмыстарының барысы бойынша көшпелі тексеру жүргізілді. Тексеруге әкім орынбасарлары, қалалық мәслихаттың төрағасы және салалық бөлім басшылары қатысты. Жауапты тұлғаларға жұмыстың қарқынын күшейтіп, сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жұмыс барысы қала әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/987858?lang=kk
Жауап қалдыру