
2025 жылғы 02 сәуірде коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова Абай облысы бойынша филиалының «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының мамандарымен «Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету сондай-ақ Әділет органдары мен мемлекеттік органдарынан сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында апостиль қоюға өтініштерді қабылдау тәртібі түсіндірілді. ҚР нотариустарынан шығатын құжаттарды қабылдау кезінде- сенімхаттың мазмұнынң тексеру және нотариаттық жазбаның міндетті түрде болуы қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, апостиль қоюға құжаттарды қабылдау кезінде құжаттардағы мөр бедеріне назар аудару.
Семинардың мақсаты: Құжаттарды қабылдау сапасы және бас тарту санын азайту.
Семинар қорытындысы бойынша тұрақты негізде түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/987860?lang=kk
Жауап қалдыру