Абай облысында «Бірлік жүгірісі» өтті – 5 шақырым бірлік жолында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 1 мамырда, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Абай облысында ауқымды «Бірлік жүгірісі» өтті. Бұл ерекше іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналып, Қазақстан триатлон федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

5 шақырымдық қашықтықта өткен жүгіру марафонына 243-тен астам адам қатысты. Этномәдени бірлестіктердің мүшелері, жастар ұйымдары, еріктілер мен спорт сүйер қауым бір сапта жүгіріп, еліміздегі бірлік пен татулықтың айқын үлгісін көрсетті.

Жүгіру кезінде қауіпсіздік шаралары толық қамтамасыз етілді, ал мәреге алғаш болып жеткендер арнайы марапаттарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/987875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді