
Кеше қаламызда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында этномәдени бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының өкілдері марапатталды.
Сахнада би және ән қойылымдары, шығармашылық ұжымдардың өнері ұсынылды. Алаңда қолөнер және сәндік бұйымдар қойылған көрме аймағы ұйымдастырылып, шараға ерекше реңк берді.
Сонымен қатар, қыздар мен жігіттер арасында қол күресінен жарыстар өтті. Мереке соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған 30 метрлік бәлішпен қонақтар мен тұрғындар қуантылды.
Іс-шара ұлтаралық татулық пен достықтың маңызын айқындады. Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бейбіт өмір, бақыт, береке және өзара түсіністік тілейміз. Бірлігіміз нығайып, татулығымыз арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/987876?lang=kk
Жауап қалдыру