Абай облысының жас ақыны республикалық жыр мүшайрасында жүлделі орынға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» жыр мүшайрасы Түркістан облысында өтті. Байқау жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен келген жас ақындар «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» және «Түрленген, гүлденген Түркістан» тақырыптарында шығармаларын ұсынды.

Байқау сонымен қатар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, көптеген қатысушылар өз өлеңдерінде ардагерлердің ерліктеріне құрмет көрсетіп, жеңіс рухын дәріптеді.

Абай облысының жас ақыны Омарғазина Адина осы байқауда өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі үшінші орын иеленді. Ол өз өлеңдерінде ақындық шеберлікті, терең мазмұнды және шынайы азаматтық ұстанымды көрсете білді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті Адинаны республикалық деңгейдегі табысты жетістігімен шын жүректен құттықтап, жас ұрпақ арасында әділдік пен адалдықты насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Бұл жеңіс – тұтас облыс үшін мақтаныш әрі өскелең ұрпаққа үлгі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-abai/press/news/details/988640?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді