
Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев бірге «Адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барды.
Орталық директоры Салтанат Сыздықова келушілерге Орталықтың жұмыс барысын көрсетті. Бару барысында Өкіл Орталықтың материалдық-техникалық базасымен және адам саудасы құрбаны болған тұлғаларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтермен танысты.
Сонымен қатар, Омбудсмен өкілі Орталықта тұрып жатқан адам саудасы құрбандарын жеке мәселелерімен қабылдау жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/988642?lang=kk
Жауап қалдыру