
Алатау ауданындағы “№1 бөбекжай-балабақшасына” Алматы қалалық Мәслихатының депутаттары — Бегалин Қайрат Талапұлы, Қусаинов Бейбіт Булатович, Бекенова Гүлжан Мырзалықызы және Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Гасанов Рафаэль Руфикович арнайы іссапармен келді.
Кездесудің мақсаты — мектепке дейінгі ұйыммен тікелей байланыс орнатып, балабақша ұжымының күнделікті тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен жан-жақты танысу. Бұл сапар халық қалаулылары мен қоғам өкілдерінің мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді нақты жерінде көруіне, ата-аналар мен тәрбиешілердің ұсыныс-пікірлерін естуіне мүмкіндік берді.
Балабақша ішінде таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, тәрбие беру процесі көрсетілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстел форматында ашық пікір алмасу болып, мектепке дейінгі мекемелерді дамыту, материалдық-техникалық базаны жақсарту және тәрбиешілердің жағдайын көтеру сынды маңызды мәселелер талқыланды.
Бұл кездесу алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыттарын айқындап, балабақша мен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір қадамы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/987897?lang=kk
Жауап қалдыру