
28 сәуірде Раздольный ауылында азаматтар жиыны өтті, онда ауыл өміріне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде келесі тақырыптар көтерілді:
Ірі қара малды (ІҚМ)жаюды ұйымдастыру;
Аумақты абаттандыру және ауылды санитарлық тазарту;
Көктемгі-жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
Интернет-алаяқтық жағдайларының алдын алу;
Жиын қорытындысы бойынша ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мал жаюды ретке келтіруге, сондай-ақ Интернет желісіндегі алаяқтық әрекеттерден қорғау тәсілдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil-svobodnenskiy/press/news/details/987896?lang=kk
Жауап қалдыру