
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бейбітшілік пен ынтымақты ұлықтайтын, ел бірлігін паш ететін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ерекше мазмұнмен аталып өтуде.
Осыған байланысты Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – мерекелік іс-шаралардың ақпараттық-идеологиялық мазмұнының біртұтастығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту.
Іс-шара барысында “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Нұрмағамбетов Марғұлан Мұхтарұлы және Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, сессия делегаты Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы қызметкерлермен ашық форматта сұхбат жүргізіп, Ассамблеяның құрылу тарихы, 30 жылдық жетістіктері және қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Спикерлер өз сөздерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішіндегі бірлік пен келісімді сақтаудағы маңызды қызметіне тоқталды.
Кездесу соңында тараптар қоғамдағы өзара түсіністік пен этностар арасындағы сыйластықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасқандығы туралы – Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987895?lang=kk
Жауап қалдыру