«Дін және Заң» атты семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Әдеп жөнінідегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мақсатында ағымдағы жылдың 30сәуір күні Атырау облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Кыстаубаеваның төрағалығымен, Атырау облысы Полиция департаментінің экстрезимге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел уәкілі полиция майоры Б.Р.Сабиров, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығының » КММ-ның маманы И.С.Ғизатов және «Жәрдем -Атырау» корпоративтік қорының теологы Н.Д.Жаркимбаевтың қатысуымен департаменттің барлық қызметкерлері арасында «Дін және Заң» атты семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты-мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға, мемлекеттік қызметшілерге діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау болып табылады.
​Семинар барысында баяндамалар оқылып, қызметкерлерге діни ағымнан сақтанудың жолдары туралы ақпараттар беріліп және слайдттар көрсетіліп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/988337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді