ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АҚЖАР АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІНДЕ   АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК  ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы Сарыағаш ауданында жүйелі жалғасуда. Осы ретте, «Береке – бірлікте» науқаны  аясында Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылдық округінде ауқымды сенбілік өтті.

 

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың  аудан аумағындағы сәулеттік келбетті ретке келтіру , абаттандыру жұмыстары бойынша берілген тапсырмасына сәйкес  Ақжар ауылдық округінде қарқынды жұмыстар жүргізілді. Аудан шекарасынан бастау алған сенбілік  барысында аудан паспортының қасбеті  ретке келтіріліп, республикалық маңызы бар және  ішкі  жол жиегіндегі шөптер орылып, бей-берекет тасталған қоқыстардан тазартылды. Оған қоса,  100 түп ағаш көшеттері егіліп, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.

 

Сенбілікке Ақжар  ауылдық округінің әкімі Серік Спатаев, аудандық мәслихат депутаты Шермат Ибрагимов, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары  белсене атсалысты. Жалпы тазалық  шарасына 100-ден астам адам, 5 техника жұмылдырылды.

 

Апта сайын өткізіліп келе жатқан сенбілік шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған. Ауылдың әр тұрғыны өзі тұратын ауласын таза ұстаса, бұл олардың аудан тазалығына қосқан үлесі.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/987956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді