«Бірлік ағашы»: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Целиноград ауданында көшет отырғызу акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 1 мамырда, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Целиноград ауданына қарасты Арайлы ауылында «Тaза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Гагарин және Бейбітшілік көшелері бойына 100 көшет отырғызылды: 50 қарағай және 50 қызыл тал. Шараның бастаушысы әрі демеушісі – «Maral Group» ЖШС.

Іс-шара ауылды көгалдандыруға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар елге, жерге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің, бірліктің айқын белгісі болды. Бұл ерекше күні елімізде барлық ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен татулық тойланып жатқанда, Арайлы ауылдық округінің тұрғындары туған жерін көркейту үшін біріге ат салысты.

Көшет отырғызу – жай ғана экологиялық бастама емес, бұл – бірліктің тірі бейнесі: ағаш жерге тамырын терең жіберіп, берік өссе, дәл солай қоғам да татулық пен өзара түсіністік арқылы нығаяды. Бүгін отырғызылған көшеттер болашақ ұрпаққа қуаныш сыйлап, табиғатты қорғаудың және бірлікті сақтаудың маңыздылығын еске салып тұрмақ.

Барша Целиноград ауданы тұрғындарын осындай игі істерге белсене қатысуға шақырамыз. Табиғатты қорғау мен ел ішіндегі келісімді сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/987955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді