Түзету мекемесіне экскурсия ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қаладағы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №68 мекемесіне Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық мекемелердің басшылары мен бас есепшілері үшін экскурсия өткізілді.

  Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау салдарымен таныстыру, күдіктілердің, айыптаушылардың, сотталушылар мен сотталғандардың тұрмысын ішкі жағынан көрсету болып табылады.

  Экскурсия барысында қызметкерлер тергеу кабинетіне, тексеріп қарау бөлмесіне, кітапханаға және серуендеуге арналған алаңға барды.

  Тергеу изоляторына келген қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін мұндай акциялар өте тиімді және заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектесетінін атап өтті.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/987954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді