Ақтөбе облысында жыл соңына дейін жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 82% дейін жеткізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктем келісімен ақтөбелік мердігерлер жол жөндеу жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше өңірдің жол инфрақұрылымын жақсартуға биыл республикалық және жергілікті бюджеттен 58 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аталған қаржыға 458,3 км жол жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 245 шақырымы – жергілікті маңызы бар тас жолдар. Қалғаны облыс орталығы мен аудандардың көше жолдары.

 

Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша мердігерлік ұйымдар анықталып, жұмыс жүргізу кестесі келісілген. Нысандарда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобалар биыл жыл соңына дейін аяқталатын және келер жылға ауыспалы болып бөлінеді. Жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін өңірдің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдарының үлесін 82%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

 

Атап өтейік, 2024 жылдан биылға ауыспалы болып қалған 14 жол құрылысы, 1 тас жол мен 3 көпірді жаңарту, 3 орташа жөндеу, 17 күрделі жөндеу, 12 мектепке дейінгі жол құрылысын салу, 4 кіреберіс жолдарды салу жұмыстары бүгінде жүріп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/991063?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді