
Жаңаарқа кентінде 2025 жылғы жол жөндеу маусымы ресми түрде басталды. Аудан әкімдігінің бастамасымен кент ішіндегі жолдарды қайта қалпына келтіру және асфальттау жұмыстары қолға алынып отыр.
Бастапқы кезеңде аудандық бюджеттен 50 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Бұл қаражат кенттің бірнеше маңызды көшелеріндегі жолдарды жөндеуге бағытталады. Атап айтқанда, Күшікбай батыр көшесінің 640 метрлік бөлігі, Орманбаев көшесінің 600 метрі және Шоң Телқозы көшесі мен “Жандос” дүкенінің артындағы 100 метр жол асфальтталады.
Жалпы алғанда, аудан орталығында ұзындығы 1 шақырым 340 метр болатын ішкі жол жөндеуден өтіп, жаңа асфальт жабындысы төселетін болады.
Аталған жұмыстар Жаңаарқа кентінің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/991065?lang=kk
Жауап қалдыру