
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай аудандағы барлық салалар атсалысатын “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясындағы ардагерлерге деген ілтипат пен құрметтің белгісі ретіндегі іс–шаралар жүйелі жүргізілуде.
Осы ретте ауданымызға қарасты Бадам елді мекеніндегі ауданымыздың мақтанышы 101 жастағы Ұлы отан соғысының ардагері Мұратов Калмен ақсақалдың шаңырағына аудандық орталық аурухана басшысы Тасырбаев Райымбек және медицина қызметкерлері арнайы барып, ардагер атамыздың жағдайымен танысып, мерекемен құттықтады.
Невропатолог, лор, окулист, эндокринолог сынды дәрігерлер ардагерге диагностикалық тексеру жасап, жақындарына ардагердің денсаулығын күтіп-қарау жөнінде медициналық кеңес берді. Сонымен қатар электрокардиогрфияға түсіріп, қан қысымы мен қандағы қант мөлшерін өлшеді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/988676?lang=kk
Жауап қалдыру