
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен түрлі салаларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін, оның ішінде электронды түрде алу мүмкіндіктерін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын өткізу кестесі бекітілген болатын.
Осыған орай, мамыр айына жоспарланған «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мәселелері» тақырыбы бойынша іс-шара бүгін сағат 11:00-де Темірлан елді мекеніндегі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында өтті.
Іс-шараға қатысқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен әлеуметтік төлемдер орталығының мамандары тұрғындарға өз салалары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жан-жақты түсіндіріп, сауалдарына жауап берді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/988675?lang=kk
Жауап қалдыру