
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А. Кенжин көшесінен Д. Бабатайұлы көшесіне дейінгі учаскеде Жаңақоныс көшесінің жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 8-9 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс іргелес көшелер арқылы ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/990637?lang=kk
Жауап қалдыру