
7 мамыр мен 9 мамыр – еліміздің тарихындағы ерекше күндер. Бұл Отанға мүлтіксіз қызмет етіп, жауға қарсы тұрып, туған жерді қорғаған батырларға құрмет көрсетудің сәті.
Ел үшін жанын аямағын боздақтардың есімі халқымыздың жүрегінде мәңгіге қалады. Отан қорғаушылар – батылдық пен жанқиярлық ерліктің символы. Біз ардагерлер мен әскери қызметшілерге әрқашанда басымызды иіп, құрметтейміз. Олар ел мақтаныштары, тұрақтылық пен бейбітшіліктің нышаны, өскелең ұрпақ үшін нағыз үлгі аларлықтай тұлғалар.
Осы мереке күндері баршаңызға зор денсаулық, амандық және ашық аспан тілейміз. Әр шаңырақта бейбітшілік пен қуаныш орнасын! Отанға деген махаббат пен оның қорғаушыларына деген құрмет мызғымас құндылықтар болып қала беретіні анық.
Аталған мерекелік күндердің қарсаңында Қаржы министрлігінде арнайы концерт өткізіліп, тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/990636?lang=kk
Жауап қалдыру