АУЫЛ ИГІЛІГІ ЖӘРМЕҢКЕ СӨРЕСІНДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
АУЫЛ ИГІЛІГІ ЖӘРМЕҢКЕ СӨРЕСІНДЕ
Бүгін Жымпитыда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде құрт, май, ет, ірімшік, тары, талқан, қайнатылған құрт, көже, айран секілді табиғи өнімдер және ағаш, гүл көшеттерінің сан алуан түрі сатылымға шығарылды.
Ауыл тұрғындарын тиімді бағада сатылатын ауылшаруашылық өнімдерін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік қолдауымен жыл сайынғы дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі биылғы жылы ды өз деңгейінде концерттік бағдарламамен ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов сауда қатарларын аралап, сатушылардың ұсыныс-пікірін тыңдады.
Жұмагелді мырза жәрмеңке сахнасында сөз сөйледі.Ол ауыл тұрғындарын биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесінің ашылуымен құттықтады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қараша айына дейін әр сенбі сайын жалғасын табатындығын айтты.
Қ.Жеңісұлы
СЫРЫМ ЕЛІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/991209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді