
Санкт-Петербург, 7 мамыр – Ленинград облысындағы «Разорванное кольцо» мемориалына гүл шоқтары қойылды.
Естелік акцияға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері, Ленинград облысының және басқа да мемлекеттік билік органдарының басшылығы, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен қорғаушыларын еске алып, олардың ерлігі мен төзімділігін білдіретін ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/991208?lang=kk
Жауап қалдыру