«Барлығына иммундау – адам күшінде»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды-жолаушылар станциясының теміржол вокзалында жоспарланған акция өткізді.

Еуропалық иммундау аптасының 2025 жылғы негізгі тақырыбы – «Барлығына иммундау – адам күшінде» – бұл вакцинация арқылы көбірек адамдарды қорғау мүмкіндігін арттыру және иммундаумен қамтудағы олқылықтарды жоюдың аса маңызды екенін айқындайды. Бұл тақырып қазіргі қоғамдағы вакцинацияның рөлін ерекше атап, халықты иммундау бойынша белсенді іс-әрекеттерді қолдауға шақырады.

Акцияның негізгі мақсаттары:

  • Вакцинопрофилактика мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары арасында профилактикалық егулерге дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
  • Эпидемияның алдын алудың және инфекциялардың ауыр зардаптарын болдырмаудың тиімді әдісі ретінде уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіру.

Акция жұқпалы аурулардың алдын алуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шара болып табылады. Бұл акцияның мақсаты – әр азаматтың денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау жолында қоғамды біріктіру.

Акция аясында «сұрақ-жауап» айдары мен ақпараттық материалдарды тарату арқылы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – халықтың вакцинацияға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және халық арасында иммундаудың маңыздылығын түсіндіру.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/990633?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді