
2025 жылғы 6 мамырда «Жастар сарайында» өңірдің діни конфессияларының жетекшілерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Дін істері жөніндегі басқарма өкілдері, «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» басшылығы және облыста тіркелген діни бірлестіктер өкілдері қатысты.
Шара барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысы, қоғамдағы дәстүрлі құндылықтар, рухани келісім мен толеранттылықты нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Сөз сөйлеген спикерлер, бұл іс-шараға азаматтардың ұлты мен дініне қарамай қатысуы – барша еліміз халқының рухани келісімінің үлгісі екенін атап өтті.
Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері келісім мен адамгершілік құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/990632?lang=kk
Жауап қалдыру