
Бейнеуде жас сарбаздар қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрсетті
Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімі мен 2087 шекара басқармасында патриоттық рухты асқақтатқан қос мереке аталып өтті.
Мерекелік жиын ел тыныштығы мен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
99116 әскери бөлімінде әскери рух пен өнер тоғысып, сарбаздардың айбын асырған мерекелік көңіл-күй салтанат құрды. Іс-шара аясында мінсіз қызмет атқарған әскери қызметшілерге төсбелгілер мен кезекті әскери шен табысталды. Аудан әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов, бөлім командирі Мұрат Аширов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шайхы Азанов әскери қызметтің маңыздылығына тоқталып, сарбаздарға мерекемен құттықтады.
Мерекелік іс-шара жас сарбаздар қарумен және қарусыз қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрсетіп, саптық ән орындады. Жауынгерлік дағдыларын да паш етті. Қатысушыларға мен қонақтарға, дала жағдайына бейімделген «Сарбаз тағамы» ұсынылды.
2085 шекара басқармасында да салтанатты жиын өтті. Саланың дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген әскери қызметшілер марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Қанағат Назарханов шекарашыларды мерекемен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Бұл мерекелік іс-шара ел тыныштығы мен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген әскери қызметшілерге көрсетілген шынайы құрметтің белгісі болды. Сонымен қатар, патриоттық рухты нығайтып, жас ұрпаққа Отан алдындағы борыштың қадірін ұғындыратын маңызды мәдени-әскери оқиға.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/990652?lang=kk
Жауап қалдыру