Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Қарағанды облыстық Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Қарағанды облыстық Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараға ардагерлер, жас сақшы сыныбының оқушылары және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты.
Алдымен залға жиналғандарды, Департамент бастығы полиция полковнигі Негмет Исмагулов мерекемен құттықтады.
– Жеңіс күні – біз үшін мәңгілік тағзым мен терең тағылымның күні. Осыдан 80 жыл бұрын ата-бабаларымыз жанын шүберекке түйіп, Отан үшін от кешіп, болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлады. Сондықтан ардагерлерімізге ел үшін жасаған ерліктері мен қажыр-қайраттарыңыз үшін алғыс білдіремін.
Сол ерліктің жалғасы ретінде бүгінгі таңда полиция қызметкерлері –Сіздер құқық пен тәртіпті қорғап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ел тыныштығының күзетінде тұрсыздар. Бұл – үлкен жауапкершілік пен абыройлы міндет. Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз – батылдықты, табандылықты және адалдықты талап етеді,-деді Негмет Исмагулов құттықтау сөзінде.
Осыдан кейін өңірдің бас полицейі мерекеге орай, қызметінде алдыңғы шептен көрінген тәртіп сақшыларымен, зейнет жасына жетседе жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп жол көрсетіп жүрген ардагерлерді облыс әкімінің, Ішкі істер министрінің және департаменттің алғыс хаттары, грамоталарымен марапаттап, бірқатар қызметкерлерге арнайы шендер мен төс белгілер табыстады.
Салтанатты шарада 10 қызметкер Ішкі істер министрінің құқығымен мерзімінен бұрын арнаулы атақтарға ие болса, 5 қызметкерге «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісі, 9 тәртіп сақшысы «ІІМ –нің грамотасымен», 15 полицей «ІІМ –нің Алғыс хатымен» марапатталса, Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 35 қызметкер грамотамен ал 46 қызметкер алғыс хатпен марапатталса, 10 қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында мерекелік кешке қатысқан жас сақшы сыныбының оқушыларына облыстың бас полицейі арнайы сыйлықтар берді.
Уақытынан бұрын шен алғандардың қатарында Полиция департаменті тәрбие және кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуаныш Медеубаевта бар. Ол, Ішкі істер министрінің бұйрығымен мерзімінен бұрын подполквоник шеніне ие болды.
Қуаныш Медеубаев жақында ғана Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағына мүшелікке өткен ақын-полицей. Оның «Жан Арым», «Қара жәшік» кітаптары полиция қызметкерлеріне және өлең сүйер қауымға өте таныс. Ақын –полицейдің өлеңдері Әзербайжан, Түрік тілдеріне аударылғанын біреу білсе, біреу біле бермес.
Кеш соңы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікпен Полиция департаментінің көркем өнерпаздары даярлаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сахына төрінде отты жылдардың әсем әндері орындалып, көпшілік көңілінен орын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/990648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді