ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің. Расымен, қазақ халқының дінге, руханиятқа деген көзқарасы – терең, тағылымды.  Бағамдай білгенге дін – жай ғана сенім емес, ол – өмір сүру салты, мінез-құлық пен адамгершілік өлшемі. Адамға тура жолды, шындықты, әділеттілік пен сабырды үйретуші.

Дегенмен, қазіргі жаһандану дәуірінде дін қоғамдағы өткір әрі нәзік мәселеге айналып отырғаны да жасырын емес. Әлеуметтік желі, түрлі ақпарат ағыны арқылы діни ағымдардың, пікірлердің алуан түрі тарап жатыр. Дінді дұрыс ұстана алмаған, діни сауаты төмен адам мұндай жағдайда өзі де адасады, өзгеге де зиянын тигізеді.

Аталған проблемалардың алдын алып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында теолог, исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ғылыми қызметкері Р.Батталұлы және ҚР МАМ Дін істері комитетінің басқарма басшысы Ж.Долиев Сыр өңіріне арнайы іссапармен келді.

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері теолог, психолог мамандарымен, пробациялық бақылаудағы азаматтармен, кәсіпкерлер және спортшы жастар секілді қоғамдағы түрлі сала өкілдерімен жүздесіп,  діни мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді. Халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері мен форматтарын ұсынды.

Түптеп келгенде мұның бәрі – қоғамдағы діни сауаттылықты арттырып, рухани бірлікті нығайтуға, әсіресе жастар арасында теріс ағымдардың алдын алуға бағытталған игі қадамдардың бірі.

 

Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді